"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттері арасында баскетболдан жарыс аяқталды

2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2023 жылғы 17 қаңтар мен 3 ақпан аралығында Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан жарыстар өтті. Жарысқа қыздар арасында 8 колледж (96 студент), ұлдар арасында 20 колледж (240 студент) қатысты. Финалдық ойындар 2023 жылдың 3 ақпанында Кәсіптік-техникалық колледждің спорт залында өтті.

 

Баскетболдан қорытынды кесте (қыздар)

 

Колледждер

Орын

1

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

1

2

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

2

3

Қазтұтынуодағы жоғары колледжі

3

4

М. Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжі

4

5

Көлік және коммуникация жоғары колледжі

5-8

6

ASTANA Polytechnik жоғары колледжі

5-8

7

ЕҰУ колледжі

5-8

8

"Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжі"

5-8

 

Баскетболдан қорытынды кесте

(ұлдар)

 

Колледждер

Орын

1

ASTANA Polytechnik жоғары колледжі

1

2

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

2

3

Көлік және коммуникация жоғары колледжі

3

4

Д.А.Қонаев атындағы колледжі

4

5

Кәсіптік-техникалық колледж

5-8

6

«Туризм және сервис колледжі»

5-8

7

"Еуразия Гуманитарлық Институтының Жоғары колледжі"

5-8

8

ЕҰУ колледжі

5-8

9

"Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі"

9-12

10

Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі

9-12

11

"Құрылыс-техникалық колледжі"

9-12

12

Медициналық-техникалық колледжі

9-12

13

Менеджмент және бизнес колледжі

13-16

14

Басқару Колледжі

13-16

15

Қазтұтыну одағы жоғары колледжі 

13-16

16

АИТУ

13-16

17

«Астана Профи колледжі»

17-20

18

М. Тынышпаев атындағы «АҚ Қазақ көлік және коммуникация академиясы» ЖШС «Ақмола колледжі»

17-20

19

Технологиялық колледж

17-20

20

М. Жұмабаев атындағы Халықаралық колледжі.

17-20

 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. 

Жарыс жеңімпаздары колледж студенттерінің республикалық спартакиадасында Астана қаласының атынан қатысады.