"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттері арасында футзалдан жарыс аяқталды

2022-2023 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 13-17 ақпан аралығында Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында футзалдан жарыстар өтті. Жарысқа Астана қаласының 4 колледжі қатысты (48 студент). Финалдық ойындар 2023 жылдың 17 ақпанында № 32 мектеп-гимназияның спорт залында өтті.

 

Футзалдан қорытынды кесте (қыздар)

 

Колледждер

Орын

1

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

1

2

М. Тынышпаев атындағы «АҚ Қазақ көлік және коммуникация академиясы» ЖШС «Ақмола колледжі»

2

3

«Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі»

3

4

ЕҰУ колледжі

4

 

Жарыстың үздік ойыншылары:

 

1

Жеткерген Азиза -

«Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі»

2

Абдуллаева Вероника -

Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі

3

Қайыржанова Ботакөз -

М. Тынышпаев атындағы «АҚ Қазақ көлік және коммуникация академиясы» ЖШС «Ақмола колледжі»

 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. 

Жарыс жеңімпаздары колледж студенттерінің республикалық Спартакиадасында Астана қаласының атынан қатысады.