"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан финалдық ойындар өтті

Астана қаласы білім басқармасының 2022-2023 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларының күнтізбелік жоспары негізінде 2023 жылғы 16 қаңтар мен 20 ақпан аралығында білім беру ұйымдарының спорт залдарында Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде 5-6, 7-8 ұлдар мен қыздар арасында волейболдан жарыстар өткізілді.

Аталған жарыстарды Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы мен Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясымен бірлесіп ұйымдастырып, өткізді.

 

Жарыс қорытындысы:

 

7-8 сыныптар арасында. Финал №16 орта мектепте өтті.

Ұлдар жарысына 59 команда 710 оқушы қатысты

1 орын - № 4 МГ

2 орын - № 71 МЛ

3 орын - «БИНОМ Тұран»

Қыздар жарысына 66 команда 800 оқушы қатысты

1 орын - № 83 МГ

2 орын - № 16 МГ

3 орын - № 29 ОМ

 

5-6 сыныптар арасында. Финал № 40 МЛ өтті.

Ұлдар жарысына 36 команда 440 оқушы қатысты

1 орын - № 71 МЛ

2 орын - № 4 МГ

3 орын - № 66 МЛ

Қыздар жарысына 37 команда 460 оқушы қатысты

1 орын - № 66 МЛ

2 орын - № 87 МГ

3 орын - № 4 МГ

 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. 

Жарыс жеңімпаздары Республикалық Ұлттық мектеп лигасында Астана қаласының атынан қатысады.