"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Қалқан-2023» Республикалық Спартакиадасы өз мәресіне жетті

2023 жылғы 21-24 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ҚАЛҚАН-2023» Республикалық Спартакиадасы өткізілді. Астана қаласының намысын №18 орта мектебінің жас сарбазы Қазнұр Жанбосынов, №25 орта-мектебінің жас сарбазы Александра Крутова, КазУТБ колледжінің 1 курс студенті Данил Фрик қорғап, жалпы командалық есепте  ІІІ орынға ие болды!!!

Команда жетекшісі - №48 мектеп-гимназиясының АӘТД пәні мұғалімі Жақсыбай Ехсанұлы Есжанов.Сапарды ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы (директор - Н.И.Тяженов), Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті (басшысы- М.Б.Турскелдиев), «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы (төрағасы - А.Б.Налшыбек).