"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтті

 2023 жылғы 9 мамырда Астана қаласының «Триатлон - саябағы» аумағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық эстафета өтті. Эстафетаға елорда мектептері мен колледждерінің 700 оқушысы қатысты. Эстафета қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінген:

Жалпы білім беретін мектептер арасында:

1 орын - № 22 мектеп-гимназиясы

2 орын - № 32 мектеп-гимназиясы

3 орын - № 27 мектеп-лицейі

Колледждер арасында:

1 орын - «Астана» халықаралық университетінің Политехникалық колледжі

2 орын - Көлік және коммуникация жоғары колледжі

3 орын - Astana IT University колледжі