"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Алматы» ауданы дене шынықтыру мұғалімдерінің нұсқаулық-әдістемелік кеңесі өтті

«Алматы» ауданы дене шынықтыру мұғалімдерінің 

нұсқаулық-әдістемелік кеңесі өтті

 

2023 жылғы 14 қыркүйекте «Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» АЛМАТЫ ауданы мектептерінің «Дене шынықтыру» пәні бойынша «Дене шынықтыру мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің және сапалы оқу процесінің қызметін тиімді ұйымдастыру негіздері» тақырыбында нұсқаулық-әдістемелік кеңес ұйымдастырып, өткізді. Кеңеске «Алматы» ауданының дене шынықтыру бойынша әдістемелік бірлестіктерінің басшылары қатысты.

 

Бағдарлама:

Мазмұны

Жауапты

Қатысушыларды тіркеу

Регистрация участников

Алпысбаев Батырхан Асылханұлы

Мектептердің дене шынықтыру мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің қызметін тиімді ұйымдастыру негіздері

Құсайынов

Қайрат Зейникешұлы

«Дене шынықтыру» пәні бойынша сапалы оқу процесін қамтамасыз ету

Стекольщиков Владимир Викторович

Дене шынықтыру сабақтарында және сабақтан тыс спорттық сабақтарда және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде оқушылардың қауіпсіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау

Шалиевский

Алексей Александрович

2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шаралар жоспары туралы

Искакова Ғалия Ғабдулманапқызы

2023-2024 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспары туралы

Алпысбаев Батырхан Асылханұлы

Кері байланыс

Жедел қызмет жоспары туралы

Әр түрлі

Алпысбаев Батырхан Асылханұлы