"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Кросс бойынша аудандық жарыстар өтті

Кросс бойынша аудандық жарыстар өтті

 

Астана қаласы білім басқармасының 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және әскери-спорттық іс-шаралары мен жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде, 2023 жылғы 20-21 қыркүйекте Астана қаласының «Триатлон паркінде» «Сарыарқа», «Есіл», «Алматы», «Байқоңыр» аудандарының                    2006-2008, 2009-2010 жылдары туған оқушылар арасында Астана қаласы оқушыларының Гимназиада бағдарламасында күзгі кросс бойынша жарыстары өтті.                                                                                                                      Жарысқа қаланың 72 мектебінен 576 оқушы қатысты.                 

А.ж. 25 қыркүйегінде өтетін қалалық финалдық жарыстарға қатысу құқығын 12 мектеп жеңіп алды (5, 6, 22, 27, 28, 32, 35, 66, 84, 85, Алтынсарин атындағы БИНОМ, Сәтбаев атындағы БИНОМ).




Атауы Жүктеу
1
Кросс ГГШ 2023-2024.pdf
PDF