"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұлттық мектеп лига - 2023-2024-ашылу рәсімі

ЕЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ  ІРІКТЕУ ЖАРЫСТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

Астана қаласы білім басқармасының 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру және әскери-спорттық іс-шаралары мен жарыстарының күнтізбелік жоспары негізінде 2023 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының №59 мектеп - лицейинде Ұлттық мектеп лигасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикисы Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының және №59 мектеп-лицейінің басшылары қатысты. 9-11 сынып оқушылары футбол, баскетбол, волейбол, 5-6, 7-8 сыныптар бес асық - асық ату жарыстарымен бастады.