"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Пресс-релиз- Ұстаздар күні

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ

 «Ұстаздар күніне» арналған салтанатты іс-шара

 

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Өтетін орны: «Жастар театры», Астана қаласы, І. Есенберлин көшесі, 10

Өтетін күні: 5 қазан 2023 жыл (бейсенбі)

Уақыты: 15.00

Байланыс телефондары: + 7 (701) 294-6496, + 7 (705) 705-7879

 

  • 2023-2024 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, «Ұстаздар күніне» арналған салтанатты        іс-шара ұйымдастырылып, өткізіледі!
  • Салтанатты іс-шарада дене шынықтыру оқытушыларын, спорт ардагерлерін, спорт түрлері бойынша төрешілерді, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарды, Гимназиаданы, ұлттық мектеп лигасын, колледж Спартакиадасын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара бағдарламасында концерттік нөмірлер жоспарланған.
  • Іс-шараның құрметті қонақтары: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми - практикалық дене тәрбиесі орталығы», Астана қаласы білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірідмер дене тәрбиесі орталығының басшылары.