"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттері арасында футболдан жарыс аяқталды

Колледж студенттері арасында футболдан жарыс аяқталды

 

2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 26 қыркүйек - 12 қазан аралығында Астана қаласының колледж студенттерінің Спартакиадасы шеңберінде ұлдар арасында футболдан жарыстар өтті. Жарысқа Астана қаласының 19 колледжі (285 студент) қатысты. Финалдық ойындар 2023 жылдың 12 қазанында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының стадионында өтті.

 

Футболдан қорытынды кесте

  (ұлдар)

 

Колледждер

Орын

1

«Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі»

1

2

«Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі»

2

3

«ASTANA Polytechnik» жоғары колледжі

3

4

Көлік және коммуникация жоғары колледжі

4

 

Жарыстың үздік ойыншылары:

 

 

1

Күнхожаев Ислам

«ASTANA Polytechnik» жоғары колледжі

2

Жұбай Диас

«Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі»

3

Өтеген Шерхан

«Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі»

4

Нұрдәулет Айдарбеков

Көлік және коммуникация жоғары колледжі

 

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.