"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық оқушылар Гимназиадасының шеңберінде күзгі кросстан және футболдан өткен жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

2023 жылғы 10 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2023-2024 оқу жылына арналған қалалық нұсқаулық-әдістемелік, спорттық - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, қалалық оқушылар Гимназиадасы шеңберінде футболдан өткен аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімін өткізді. Футболдан өткен жарысының жеңімпаздары: «Алматы» ауданы бойынша: 3 орын - № 37 МЛ 2 орын - № 74 МГ 1 орын - № 64 МЛ
«Сарыарқа» ауданы бойынша: 3 орын - № 65 МГ 2 орын - № 60 МЛ 1 орын - № 61 МЛ
«Есіл» ауданы бойынша: 3 орын - Ы.Алтынсарин атындағы БИНОМ 2 орын - Қадыр Мырза Әли атындағы БИНОМ 1 орын - Қаныш Сәтбаев атындағы БИНОМ
«Байқоңыр» ауданы бойынша: 3 орын - № 31 МГ 2 орын - № 27 МЛ 1 орын - № 54 МЛ
Қалалық жарысының қорытындысы:
4 орын - № 31 МГ 3 орын - № 61 МЛ 2 орын - № 65 МГ 1 орын - № 54 МЛ
«Үздік ойыншылар»: Денис Лян - №31 МГ Шохан Ғалы Арслан - №61 МЛ Арыстан Әділет - № 54 МЛ Атабек Жарықбаев - №65 МЛ

Сонымен қатар, қалалық оқушылар Гимназиадасы шеңберінде күзгі кросстан өткен аудандық және қалалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.