"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Пресс релиз Акция 24.10.2023

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ

«ӨРКЕН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ОРТАЛЫҒЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН

«СПОРТ, ДЕНСАУЛЫҚ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-БҰЛ ЕҢ ҮЗДІК МӘДЕНИЕТ!» АКЦИЯСЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

Өтетін орны: Астана қаласының білім беру ұйымдары

Өтетін күндері: 24 қазан 2023 жыл

Уақыты: 11.00

Байланыс телефоны: + 7 (701) 529 - 8382; + 7 (707) 529 - 8382

  • Астана қаласы білім басқармасының «2023-2024 оқу жылына арналған қалалық нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» 12.09.2023 жылғы № 1934 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 24 қазанда елорданың барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде Қазақстан Республикасы күніне арналған  «Спорт, денсаулық,  дене шынықтыру - бұл ең үздік мәдениет!» Акциясы өтеді.
  • «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру - бұл ең үздік мәдениет!» Акцияның мақсаты - білім алушылардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қалыптастырудағы білім беру мекемелерінің ағартушылық қызметі болып табылады.
  • Акцияға барлық білім беру мекемелерінің білім алушылары, сондай-ақ олардың ата-аналары, педагогтары, жұртшылығы қатыса алады.
  • Акция бағдарламасында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту бойынша түрлі спорттық жарыстар, спорттық ойындар, турнирлер, тақырыптық диспуттар, сұхбаттар, шығармалар, эсселер, суреттер, плакаттар, буклеттер байқаулары бар.
  • Акцияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ең белсенді қатысушылар Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының» грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.
  • БАҚ-қа бару үшін ұсынылатын мектептер: «Алматы» ауданы - № 43 ШДО - сағат 11.00-де ашылуы, «Сарыарқа» ауданы - № 6 МГ - сағат 11.00 - де ашылуы, «Байқоңыр» ауданы - №5 МГ - сағат 11.00 - де ашылуы, «Есіл» ауданы - №59 МЛ - сағат 11.00-де ашылуы.