"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ

2023 жылғы 28-31 қазанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастырған «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасы өткізілді.

Олимпиадаға Қазақстанның 13 өңірінен 5-6, 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика және теория бойынша сынақтардан өтті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында ІІІ орынды Астана қаласының № 22 мектеп-гимназиясының командасы иеленді!

Оқушыларымызды, сондай-ақ № 22 мектеп-лицейінің дене шынықтыру мұғалімдерін осы табыспен құттықтаймыз!!!