"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Асық атудан «Алтын сақа» челленджі өткізілді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Төрт токсан - төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасының тұжырымдамасына сәйкес, 2023 жылғы 17 қарашада республиканың барлық білім беру ұйымдарында бір мезгілде «Бес табан», «Бес асық» ойындарынан «Алтын сақа» атты Челленджі ұйымдастырылып, өткізілді.

Елордамыз - Астана қаласында, мектеп және колледжерінен Челленджге барлығы 7 964 адам қатысты. Аталған челленджге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев қатысты (№85 мектеп-лицей).