"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Волейбол төрешілеріне арналған теориялық және практикалық семинар өтті

Волейбол төрешілеріне арналған теориялық және практикалық семинар өтті

2024 жылғы 27 қаңтарда Астана қаласының №80 мектеп-гимназиясында «Астана қаласының волейбол федерациясы» Қоғамдық бірлестігі мен Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК ұйымдастырған волейбол төрешілеріне арналған теретикалық және практикалық семинар өтті. Семинарға Астана қаласының білім беру мекемелерінің дене шынықтыру оқытушылары қатысты.                       Семинар лекторлары:

Ысқақов Ержан - Ұлттық санаттағы төреші;

Әбенов Мақсат - 1 санаттағы төреші.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға «Астана қаласының волейбол федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің сертификаттары табысталды.