"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларына арналған кезекті әдістемелік семинар өтті

2024 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласының №43 қосымша білім беру мектебінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушыларына арналған кезекті әдістемелік семинар өтті. І жартыжылдық бойынша «Жас жауынгер» әскери-спорттық ойындарының қорытындысы жасаланып, АӘТД әдіскері С. Кульбаев әскери жетекшілерді ІІ жартыжылдық жоспарымен, «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл» толуына орай өткізілген онкүндік жоспарымен таныстырды. АӘТД оқытушылары А. Ташубаев, Е. Абильдаев, Г.Камышев саптық дайындық, атыс дайындығы және әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, нұсқаулық сабақ өткізді.