"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Шаңғы жарысы бойынша аудандық кезең өтті

Астана қаласы Білім басқармасының 12.09.2023 жылғы № 1931 «2023-2024 оқу жылында Астана қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында оқушылар Гимназиадасын, колледж студенттері Спартакиадасы мен қалалық мектеп лигасын өткізу туралы» бұйрығы негізінде 2024 жылғы 1 ақпанда «Астана» орталық саябағында» қалалық оқушылар Гимназиадасының бағдарламасында шаңғы жарысы бойынша аудандық кезең өтті. Жарысқа елорданың 33 командасынан 264 оқушы қатысты.

Название Скачать
1 ИТОГИ Лыжные гонки ГГШ 2024  PDF