"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Асық ату мен бес асық ұлттық ойындар жарысы

2024 жылғы 6 ақпанда Астана қаласының №84 мектеп-лицейінде 2023-2024 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік-нұсқаулық, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңі шеңберінде асық ату мен бес асықтан  жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының медаль, диплом, кубоктармен марапатталды. Жарыс жеңімпаздары Астана қаласы атынан асық ату мен бес асықтан республикалық Ұлттық мектеп лига жарысында өнер көрсетеді.  

 

Жарыс қорытындысы:

Бес асық 5-6 сыныптар

3 орын    №71 мектеп-гимназия

2 орын   № 86 мектеп-гимназия

1 орын    №83 мектеп-гимназия

Бес асық 7-8 сыныптар

3 орын    №38 мектеп-лицей

2 орын    №86 мектеп-гимназия

1 орын    №24 орта мектеп

Бес асық 9-11 сыныптар

3 орын    №86 мектеп-гимназия

2 орын    №38 мектеп-лицей

1 орын    №24 орта мектеп

Асық ату  5-6 сыныптар

3 орын     №85 мектеп-лицей

2 орын     №42 орта мектеп

1 орын     №84 мектеп-лицей

Асық ату 7-8 сыныптар

3 орын    № 85 мектеп-лицей

2 орын    №80 мектеп-гимназия

1 орын     №52 мектеп-гимназия

Асық ату  9-11 сыныптар

3 орын    №55 орта мектеп

2 орын    №7 мектеп-гимназия

1 орын   №24 орта мектеп