"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай волейболдан турнир өткізілді

2024 жылдын 10 ақпанында  №56 мектеп-лицейінде Астана қаласы Білім басқармасының жоспары аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «АУҒАН АСУЫНДА ОТ КЕШКЕНДЕР» атты онкүндік акциясының шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының «BATYRLAR» әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруменен  волейболдан турнир өткізілді.

 Турнир қорытындысы:

1 орын - Ауған соғысының ардагерлері.

2 орын - «Батырлар» әскери-патриоттық орталығы.

3 орын - АӘТД пәнінің мұғалімдері.