"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығаруылына 35 жыл толуына орай қалалық іс-шара

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығаруылына 35 жыл толуына орай «BATYRLAR» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері интернационалист-жауынгерлерді құттықтап, олардың алдында өз шеберлік өнерлерін көрсетті.«Batyrlar» әскери-патриоттық орталығының жас жауынгерлік апталық десанты №24 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атыңдағы "BINOM" мектебi және Қарулы күштердің ұлттық әскери-патриоттық орталығында ұйымдастырылды.Ауған ардагерлері «Batyrlar» орталығының жас жауынгерлерімен өз естелік әнгімелерімен бөлісіп, олардың сұрақтарына өте маңызды және қызықты жауаптарын берді. Жас жауынгерлер өз шеберлігі мен осындай әскери-патриоттық бағытқа бастарын бұрып, болашақ Отан қорғаушыларға қажетті білім тәрбие алуын тандағаны үшін ардагерлердің ризашылығы мен алғыстарына ие болды.