"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында тоғызқұмалақтан жарыс аяқталды

Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында тоғызқұмалақтан жарыс аяқталды

2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2024 жылғы 13-14 және 19-20 ақпан аралығында қалалық ұлттық мектеп лигасының бағдарламасында тоғызқұмалақ бойынша жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа Астана қаласының 92 мектебінен 276 қатысушы қатысты. Финалдық ойындар Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өтті.

Жарыс қорытындысы:

5-6 сыныптар:

І орын-№78 мектеп-гимназия

ІІ орын-Ә.Бөкейхан атындағы БИНОМ

ІІІ орын - № 93 мектеп-лицей

 7-8 сыныптар:

І орын - № 24 орта мектеп

ІІ орын-Ә.Бөкейхан атындағы БИНОМ

ІІІ орын - № 32 мектеп-лицей

9-11 сыныптар:

І орын - № 37 мектеп-лицей

ІІ орын - № 24 орта мектеп

ІІІ орын - № 86 мектеп-гимназия

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.