"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Баскетболдан шеберлік сыныбы өткізілді

Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының 2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, (Білім басқармасының 2023 жылғы 12.09. №1934 бұйрығымен бекітілген) 23 ақпанда № 32 мектеп-гимназиясында жас мамандарға арналған «Тәжірибе шеберханасы» жобасы аясында №32 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Аман Шалқарбайұлы Жұмағұловтың («педагог-шебер» санаты) шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбы қатысушыларына баскетбол мысалында «спорттық ойындар» бөлімі бойынша дене шынықтыру сабақтарында оқытудың заманауи әдістері туралы практикалық материалдар ұсынылды.