"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Алматы ауданы» мектептердің дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған аудандық нұсқаулық-әдістемелік кеңес өтті

Астана қаласы Білім басқармасының 2023 жылғы 12.09. «2023-2024 оқу жылына арналған қалалық нұсқаулық - әдістемелік, спорттық - бұқаралық, дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №1934 бұйрығы негізінде, 2024 жылғы 8 ақпанда №53 мектеп - лицейінде Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен «Сабақтан тыс спорт сабақтарын ұйымдастырудың өзекті мәселелері және «Алматы" ауданының мектептеріндегі мектеп спорт клубтарының тиімді қызмет ету шарттары» тақырыбында аудандық нұсқаулық-әдістемелік кеңес ұйымдастырылды және өткізілді. Нұсқаулық-әдістемелік кеңестің модераторлары: Искакова Ғалия Ғабдулманапқызы - «Өркен» БЖДТО-ның директорының орынбасары және Алпысбаев Батырхан Асылханұлы - «Алматы» ауданының БЖДТО-ның меңгерушісі. Кеңеске қатысушылар арасында екіжақты ақпарат алмасуға негізделген интерактивті әдістерді қолдану нәтижесінде мәлімделген тақырып бойынша өзекті мәселелер мен практикалық жағдайлар талқыланды. Нұсқаулық-әдістемелік кеңеске «Алматы» ауданының 28 мектебінен 56 дене шынықтыру мұғалімі қатысты.