"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - 2024» байқауының ақтық кезеңі өтті

2024 жылдың 29 наурызында  Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы № 38 мектеп-лицейінің акт залында  «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі-2024» байқауының «Сергіту», «Таныстыру», «Жасасын дене шынықтыру» атты үш сайыстан тұратын қалалық ақтық кезеңін өткізді. Аталған жарысқа Астана қаласы әкімдігінің № 18 ОМ, №22 МГ, №24 ОМ, №64 МЛ, №84 МЛ, №96 МЛ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері бақ сынасты. «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі» қалалық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

ГРАН-ПРИДЫ (БАСТЫ ЖҮЛДЕ) № 18 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жүсіпов Аслан Ғабделмажитұлы жеңіп алды;

І орынды № 22 мектеп - гимназиясының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Тагиров Рафаэль Салаватұлы жеңіп алды;

ІІ орынды № 64 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Нұржауов Рамазан Қайратұлы жеңіп алды;

ІІІ орынды № 24 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі                Каресов Айбек Ерболатұлы жеңіп алды;

IV орынға № 96 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қанатбек Нұрым қол жеткізді;

V орынға № 84 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Қайыпханов Нұржан Қайымханұлы қол жеткізді.

Және де «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі» қалалық байқауына белсенді қатысқаны үшін    № 27 МЛ  дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Уажанов Мурат Еркешович, № 27 МЛ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Дорофеева Наталья Николаевна, № 60 МЛ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жумашев  Мади Жексембаевич, № 83 МГ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Максутов Бижан Мендебаевич  сертификаттармен марапатталды. Байқауға қатысқан барлық дене тәрбиесі мұғалімдерін құттықтаймыз!!!!