"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар аяқталды

2024 жылдың 28 наурызында «Астана» Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінде колледж студенттері Спартакиадасының бағдарламасында ұлдар мен қыздар арасындағы қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Қорытынды:
1 орын-Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі;
2 орын - «Astana Polytechnik» жоғары колледжі;
3 орын – «Астана» Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі;
4 орын - М. Жұмабаев атындағы халықаралық колледж.

Жеке жарыс (қыздар):
1 орын - Щадрина Владислава («Astana Polytechnik»), 2 орын - Амирханова Милана (ПКМУА); 3 орын - Исабаева Сабина (ПКМУА).

Жеке жарыс (ұлдар):
1 орын - Фрик Данил (ҚАЗТБҰ), 2 орын - Комаров Григорий («Astana Polytechnik»), 3 орын - Гайнуллин Амир («Astana Polytechnik»).