"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында жазғы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар аяқталды

2024 жылғы 16-22 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс-шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары» негізінде қалалық Оқушылар Гимназиадасы бағдарламасында оқушылар арасында жазғы Президенттік көпсайыс бойынша жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа Астана қаласының 25 мектебі мен 200 оқушысы қатысты. Финалдық ойындар №78 мектеп-гимназиясында өтті.
«Сарыарқа» ауданы бойынша командалық жарыстарда:
№ 1 МЛ - 3 орын
№ 35 МЛ - 2 орын
№ 6 МГ - 1 орын
«Алматы» ауданы бойынша командалық жарыстарда:
№ 37 МЛ - 3 орын
№ 28 МЛ - 2 орын
№ 32 МГ-1 орын
«Есіл» ауданы бойынша командалық жарыстарда:
№ 66 МЛ - 3 орын
Ыбырай Алтынсарин атындағы БИНОМ - 2 орын
Қаныш Сәтбаев атындағы БИНОМ - 1 орын
«Байқоңыр» ауданы бойынша командалық жарыстарда:
№ 27 МЛ -3 орын
№ 10 МГ -2 орын
№ 5 МГ - 1 орын
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубоктарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды.