"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Футболдан Ұлттық мектеп лиганың ойындары аяқталды

2024 жылғы 4 мамырда Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығында және «Нұр Орда» мектебінде 2023 - 2024 оқу жылына арналған Астана қаласының білім беру ұйымдарының әдістемелік - нұсқаулық, спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс - шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңі шеңберінде футболдан ұлдар және қыздар арасында ақтық жарыстары аяқталды! Лига жарысына 69 команда, 828 оқушы қатысты.

 

Қорытынды (ұлдар):

1 орын - Қ.Сәтбаев атындағы БИНОМ

2 орын - №85 мектеп - лицей

3 орын - Қ.Мырза Әли атындағы БИНОМ

4 орын - №71 мектеп - лицей

 

Қорытынды (қыздар):

1 орын - №32 мектеп - гимназия

2 орын - «Нұр Орда мектебі» 

3 орын - №74 мектеп - гимназия

4 орын - №85 мектеп - лицей.

 

Құттықтаймыз!