"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Колледж студенттерінің Спартакиадасы бағдарламасында шаңғы жарысы аяқталды

2024 жылдың 28 наурызында «Астана» Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде колледж студенттерінің Спартакиада бағдарламасында ұлдар мен қыздар арасында шаңғы жарысынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Қорытынды:

1 орын - «Астана» Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі;

2 орын - «Astana Polytechnik» жоғары колледжі;

3 орын - Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі:

4 орын - Көлік және коммуникация жоғары колледжі.

Жеке жарыс (қыздар): 1 орын-Амирханова Милана (ПКМУА); 2 орын - Щадрина Владислава («Astana Polytechnik»), 3 орын - Исабаева Сабина (ПКМУА).

Жеке жарыс (ұлдар): 1 орын-Биткен Иван («Astana Polytechnik»), 2 орын - Гайнуллин Амир («Astana Polytechnik»), 3 орын - Фрик Данил (ҚАЗТБҰ).