Астана қаласы білім басқармасының
11.12.2024 жылғы № 107-04-30/1766
Ақпараттық хабарлама
Астана қаласы Білім басқармасының
ведомстволық бағынысты білім
беру ұйымдарының басшыларына
Құрметті басшылар!
Алдағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекелер қарсаңында Сіздердің назарларыңызды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі - заң) 12 - бабын сақтау қажет екенін назар аударамыз. Білім беру ұйымдарының басшылары белсенді азаматтық ұстаным танытуға және ақшаны заңсыз жинауға және сыйлықтар алуға қарсы тұруға міндетті. «Қазақстан Республикасында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 2 - тармағына сәйкес білім беру ұйымының директоры атынан бірінші басшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша дербес жауапты болады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде ата - аналардан, жеткізушілерден және басқа да тұлғалардан сыйлықтар қабылдауға, сондай-ақ білім басқармасының қызметкерлеріне және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларына сыйлықтар әкелуге (беруге) қатаң тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының педагогтері мен басқа да қызметкерлері арасында, оның ішінде осы мәселе бойынша ресми сайттарда, ұйымдар алып жатқан үй - жайларда және бару үшін қолжетімді өзге де үй-жайларда сыйлық алуға және беруге тыйым салу туралы ақпараттық хабарлама орналастыру арқылы белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Елорданың білім беру жүйесінде тәрбие жұмысы үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекіткен «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы бағдар болып табылады. Бағдарлама жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде еңбекқор, адал, саналы азаматты тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбие жұмысы бойынша бақылауды күшейту, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде жаңа жылдық және басқа да іс - шараларды ата - аналар мен мұғалімдерден ақша жинамай, педагогикалық ұжымның күшімен жүргізу қажет. Заңсыз ақша жинау расталған жағдайда, білім беру мекемелерінің басшыларына лауазымынан босатуға дейін қатаң тәртіптік шаралар қолданылатын болады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы» МКҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар туралы
Ақпарат
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының 29 тармағын іске асыру мақсатында және Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының 2021 жылғы 11 қаңтардағы № 107-04/01 хатына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 22-бабын 1-тармағын басшылыққа ала отырып, белгіленген құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қолданатынын хабарлайды, атап айтқанда:
- қызметкерлердің функционалдық міндеттері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа және оның көріністеріне жол бермеу бойынша жеке жауапкершілігін қалыптастыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторинг арқылы сыбайлас жемқорлықтың және оның көріністерінің алдын алу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізеді;
- құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті арқылы жұмысқа түсушілерді қосымша тексеруді жүзеге асырады;
- қамқоршылық кеңестің қызметіне жұртшылықты және ата-аналарды тарту жөніндегі талаптарды сақтауға сәйкес Қамқоршылық кеңесті құру бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
- осы уақытқа дейін орталыққа қайырымдылық немесе демеушілік көмек көрсету бойынша ұсыныстар түскен жоқ. Сонымен қатар, әкімшілік қайырымдылық немесе демеушілік көмекті есепке алу үшін арнайы шот ашу және келіп түскен қайырымдылық немесе демеушілік көмек туралы толық мәліметтерді интернет ресурстарда орналастыру бойынша шаралар қабылдайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін осы мәліметтерді олардың бөлінуін, қалдықтардың болуын және пайдаланудың болжанатын мақсаттарын көрсете отырып, ай сайын өзектендіріп отырады.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпорын ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар жоспарына сәйкес қызметкерлер мен оқушылар үшін тоқсан сайын дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізеді. «Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының» 29 тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Н.Е.Тяженовтың Нұр-Сұлтан қаласының оқушылардың ата-аналары мен ұжымның алдында, оның ішінде бағынысты білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуі өтті (бейне қосумен қатар).
Директор Н.Тяженовa
«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру іс-шаралар жоспарының» 29 тармағын орындау мақсатында 2022 жылғы 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Н.Е.Тяженовтың Нұр-Сұлтан қаласының оқушылардың ата-аналары және ұжымның алдында, оның ішінде бағынысты білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуі өтті.
https://shygys-sport.kz/sybajlas-zhem-orly-pen-k-res.html#sigFreeId183499a824