ГККП "Детско-юношеский центр физического воспитания "Өркен" Акимата города Астана

 

Меморандум - УО и УФКиС

Білім және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

2024 жылғы 5 қыркүйекте «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешенінде Астана қаласының білім басқармасы мен Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы арасында білім және спорт саласындағы Меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандумға қол қою рәсіміне Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қ.Сенғазыев және Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы В. Левит қатысты. Елордалық Білім және спорт басқармалары арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы Меморандум мектептерде, сондай-ақ колледждерде дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған.