"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

ОҚУШЫЛАР ОЛИМПИАДАСЫ

«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылғы 22-23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында  «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасы елімізде алғаш рет өткізілді.  

Олимпиадаға - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстарының 5-6,7-8 сынып оқушылары қатысты.

Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы ІІ орынға ие болды!  

№59 мектеп-лицейінің оқушылары мен дене шынықтыру мұғалімдерін Гүлжан Есетқызы Апарова мен Марина Владимировна Макарованы осы жетістікпен құттықтаймыз!