«Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК ұйымдастыруымен 2021 жылғы 22-23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Дене шынықтыру және спорт» пәні бойынша оқушылар Олимпиадасы елімізде алғаш рет өткізілді.
Олимпиадаға - Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Қарағанды, Қостанай, ШҚО, Жамбыл, Павлодар облыстарының 5-6,7-8 сынып оқушылары қатысты.
Оқушылар волейбол, гимнастика, баскетбол, футбол, жеңіл атлетика мен теория тапсырмаларынан сынақ тапсырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы ІІ орынға ие болды!
№59 мектеп-лицейінің оқушылары мен дене шынықтыру мұғалімдерін Гүлжан Есетқызы Апарова мен Марина Владимировна Макарованы осы жетістікпен құттықтаймыз!
https://shygys-sport.kz/novosti-kz/221-o-ushylar-olimpiadasy.html#sigFreeIde8ee7f69ac