"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Дөңгелек үстел-21.10.2021 жыл

Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының отырысы өтті

 

2021 жылғы 21 қазанда «Астана» Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының «Дене тәрбиесі және спорт денсаулық мәдениеті мен салауатты өмір салты негізін қалыптастырудың шарты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығы,« Астана» Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі.

Қатысушылар: қалалық дене шынықтыру мұғалімдері қауымдастығының мүшелері, «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының қызметкерлері және шақырылған қатысушылар.

 

Название Скачать
1 Программа круглый стол
2 Флаер 21.10.2021