"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Білім беру қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс аяқталды

2024 жылдың сәуір - мамыр айларында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру қызметкерлерінің Спартакиадасы аясында шағын - футболдан жарыстар өтті. Елорданың 68 мектебінен барлығы 700 оқытушы қатысты. Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы және Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы.

 

Жарыс қорытындысы:

1 орын - №32 мектеп - гимназия

2 орын - №65 мектеп - гимназия

3 орын - №60 мектеп - лицей

4 орын - №37 мектеп - лицей