Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!
Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!
Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!
«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.
«Кока-кола Былғары доп-2018»
11 мамыр күні Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Кока-кола Былғары доп-2018» Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде футболдан Республикалық жарыс өтті.
2003-2004 жылы туылған ұлдар-қыздар арасында «Алтын доп» жарысы болып өтті
2-9 мамыр аралығында Астана қаласында «Назарбаев»университетінің спорт кешенінде Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығына жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан 2003-2004 жылы туылған ұлдар-қыздар арасында «Алтын доп» жарысы болып өтті. Аталмыш жарысқа 6 команда ұлдар,6 команда қыздар командасы қатысты.
2003-2004 жылы туылған ұлдар арасында Республикалық жарыс болып өтті
1-9 мамыр аралығында Астана қаласында «Алау» мұз айдынынының шағын футбол залында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық -ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасы аясында футзалдан 2003-2004 жылы туылған ұлдар арасында Республикалық жарыс болып өтті.
Республикалық жарыс
Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Кока-кола Былғары доп-2018» Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде футболдан Республикалық жарыс өтті. Аталмыш жарысқа Республикамыздың аймақтарынан 14 команда қатысты. Атап айт