Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!
Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!
Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!
«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.
Жүзік атудан мектепішілік жарыстар өтті
«Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберіндегі ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес 2018 жылғы 15 қазаннан 20 қазанға дейін Жүзік атудан мектепішілік жарыстар өтті.
«Біз – Қазақстанның болашағымыз!» Спартакиада
«Біз Қазақстанның болшағымыз» атты 2018 – 2019 оқу жылындағы Астана қаласы оқушылар Спартакиада бағдарламасының шеңберінде өткен 24 қыркүйек – 10 қазан аралығында футболдан аудандық жарыстар өтті. Жарысқа қатысқан спортшыларымыздың жеңістерін марапаттау рәсімін ашуды рұқсат етіңіздер.
Біз Қазақстанның болшағымыз
«Біз Қазақстанның болшағымыз» атты 2018 – 2019 оқу жылындағы Астана қаласы Кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының Спартакиада бағдарламасының шеңберінде 21 қыркүйекте « Астана Триатлон » саябағында өткен Күзгі кросс бойынша жарыстар өтті.
«Кока-кола Былғары доп-2018»
11 мамыр күні Астана қаласында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында «Кока-кола Былғары доп-2018» Ұлттық мектеп лигасы шеңберінде футболдан Республикалық жарыс өтті.
2003-2004 жылы туылған ұлдар-қыздар арасында «Алтын доп» жарысы болып өтті
2-9 мамыр аралығында Астана қаласында «Назарбаев»университетінің спорт кешенінде Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығына жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасы аясында баскетболдан 2003-2004 жылы туылған ұлдар-қыздар арасында «Алтын доп» жарысы болып өтті. Аталмыш жарысқа 6 команда ұлдар,6 команда қыздар командасы қатысты.
2003-2004 жылы туылған ұлдар арасында Республикалық жарыс болып өтті
1-9 мамыр аралығында Астана қаласында «Алау» мұз айдынынының шағын футбол залында Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық -ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының жоспарына сәйкес Ұлттық мектеп лигасы аясында футзалдан 2003-2004 жылы туылған ұлдар арасында Республикалық жарыс болып өтті.