Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!
Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!
Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!
«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.
Хабарландыру
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қыркүйек айында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтеді.
«ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ»
2019 жылғы 28 маусымда сағат 11.00де №83 мектеп гимназияда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Ұлттық ойындар- асыл мұрамыз» жарысы ақтық ойындарының нәтижелері
2018-2019 оқу жылына арналған «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізудің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл бойы қазан айынан мамыр айына дейін «Ұлттық ойындар- асыл мұрамыз» ұлттық ойындар бағдарламасы бойынша спорттың 8 түрінен жарыстар өткізіліп жатыр (Жүзік ату, Бес тас, Асық ату, Ләңгі тебу, Гір көтеру, Арқан тартыс, Қазақ күресінен «Мектеп барысы», Тоғызқұмалақ). Жарыстар келесі кезеңдерден тұрады: мектепішілік, аудандық, қалалық.
Спартакиаданың үздік ұстаздары
2019 жылғы 06 қаңтардан 28 мамырға дейінгі мерзімде Нұр-Сұлтан қаласы білім беру жүйесі қызметкерлері арасында Денсаулық спартакиадасы өтіп жатыр. Сайысқа қатысу үшін 170 команда және 919 педагог сұраныс берді. Ережеге сәйкес сайыс спорттың 5 түрінен өткізіледі: шаңғы жарысы, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ
Үздік дене шынықтыру мұғалімдері!
2019 жылғы 19 ақпаннан 29 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстандағы Жастар жылына арналған жас мамандар үшін «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2019» қалалық сайысы өтті.
«Қазақ күресі»
Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде 2019 жылғы 18 наурызда «Қазақ күресі» ойынынан жекелей жарыстар өтті.