Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!
Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!
Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!
«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.
«Тоғызқұмалақ»
Ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде 2019 жылғы 13 наурызда «Тоғызқұмалақ» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті.
ІХ Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы Мектеп және колледж оқушыларының ІХ Қысқы спартакиадасы өз мәресіне жетті. 9 күнге созылған Спартакиадада 9 спорт түрінен 10 спорттық іс-шарада 588 медаль, 54 кубок, 642 диплом сарапқа салынды.
«Ләңгі тебу»
2019 жылғы 21-24 қаңтарда «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде «Ләңгі тебуден» аудандық жарыстар өтті.
Волейбол мен баскетболдан Мектеп оқушылары спартакиадасының қорытындылары
2018 жылғы 27 желтоқсанда Астана қаласынының мектеп оқушылары Спартакиадасы шеңберінде өткен волейбол мен баскетболдан жарыстарының жеңімпаз бен жүлдегер командаларын марапаттау рәсімі өтті.
«Асық ату»
Ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде 2018 жылғы 08 желтоқсанда «Асық ату» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті.
Президенттік деңгей
2018 жылғы 29 қарашада Астана қаласынының мектеп оқушылары арасында Президенттік тест нормативтерін орындаған жас спортшыларды төсбелгілермен марапаттаудың салтанатты шарасы өткізілді.