"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық Ұлттық Мектеп лигасының бағдарламасында футзалдан жарыс аяқталды

2024 жылғы 27 наурыз бен 4 сәуір аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы 2023 - 2024 оқу жылына арналған нұсқаулық - әдістемелік, спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру - сауықтыру, әскери - спорттық іс - шаралар мен жарыстардың күнтізбелік жоспары негізінде, қалалық Ұлттық мектеп лига бағдарламасында 9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан жарыстар ұйымдастырып, өткізді. Жарысқа Астана қаласының 64 мектебі мен 768 оқушысы қатысты. Финалдық ойындар №56 мектеп - лицейінде өтті. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды №60 мектеп - лицейінің құрама командасы, ІІ орынды №17 мектеп - гимназия, ІІІ орынды № 64 мектеп - лицей, ІV орынды № 62 мектеп - лицей жеңіп алды. Үздік ойыншылар:
1) Тюлюев Олжас - №62 МЛ
2) Әлмерек Тілеуберген - № 64 МЛ
3) Абдрахман Ілияс - №17 МГ
4) Шали Абылайхан - № 60 МЛ
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының кубок, медаль және дипломдарымен марапатталды.