"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Астана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы» аясында волейболдан жарыс аяқталды

2023-2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік, спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру, әскери-спорттық іс - шаралардың күнтізбелік жоспары негізінде 2024 жылғы 1 наурыз бен 5 сәуір аралығында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің спорт залдарында Астана қаласының білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Денсаулық Спартакиадасы» аясында волейболдан жарыс аяқталды (құрамы - 3 ер, 3 әйел). Финалдық ойындар ағымдағы жылдың 5 сәуірінде № 40 мектеп-лицейінде өтті.

Жарыс қорытындысы: 1 орын - № 52 мектеп - гимназия 2 орын- № 79 мектеп - лицей 3 орын - № 22 мектеп - гимназия 4 орын - № 31 мектеп-гимназия

Барлығы қаланың 69 командасы, 828 қатысушы қатысты.