"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қазақ күресінен колледж Спартакиадасы шеңберінде қалалық жарыс өтті

2024 жылғы 11 сәуірде  «Батырлар» әскери-патриоттық, спорттық орталығына «Біз Қазақстан болашағымыз!» атты колледж студенттері Спартакиадасы шеңберінде қазақ күресінен қалалық жарыс өткізілді.

Аталған турнирге елордамыздың 13 колледжінен жүзге жуық спортшы қатыстыКомандалық  есепте 4 орынға «Astana IT University» колледжі командасы, 3 орынға «Астана» халықаралық университетінің педагогикалық колледжі командасы, 2 орынға Қазақ технология және бизнес Университетінің колледжі командасы, 1 орынды «Көлік және коммуникация колледжі» командасы жеңіп алды.  

Жарыстың ұйымдастырушылары: Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы, «Астана қаласының қазақ күресі федерациясы», «Астана қаласының мектеп және студенттік спорт федерациясы».