"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қалалық семинар - практикум өткізілді

2023 - 2024 оқу жылына арналған нұсқаулық-әдістемелік іс-шараларды өткізу жоспарына, (2023 ж.12.09. №1934 Білім басқармасымен бекітілген) Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер ден тәрбиесі орталығының және қалалық дене шынықтыру мұғалімдері қаумдастығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 11 сәуірде №85 мектеп-лицейінде «Сыныптан тыс спорттық шараларды ұйымдастырудың өзекті мәселелері және бұқаралық спортты насихаттау, аудан мектептерінің оқушыларын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.

Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының дене шынықтыру әдістемелік бірлестіктің жетекшілері және дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.

БАҒДАРЛАМА

Тақырып

Жауапты

Сыныптан тыс спорттық шараларды ұйымдастырудың өзекті мәселелері

Искакова Галия Габдулманаповна - Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары

Дене шынықтыру сабағын халықаралық форматта өткізу

Рахимжанов Марлен Серикович - №81 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі

Үстел теннисі

Аубакирова Тамара Советхановна - №75 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

«Алшысынан түссе асығым – асқар болар рухым» - бес асық

Сарманов Ершат Есенович

- №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Спанов Канат Спандиярович- №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

«Алшысынан түссе асығым – асқар болар рухым» - асық ату

Гауриев Бахтияр Талғатович - №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Ақтілеуов Оралбек Кожахметович - №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Жеңіл атлетика: Эстафета таяқшасын беру.

Жанабергенова Айгерим Дулатовна - №59 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Өміртай Сұңғат Ақылбекұлы - №71 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Үстел теннисі

Атетов Ерден Бекбулатович - №89 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Ташиков Медет Зинулинович - №75 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Баскетбол. Баскетбол добын алып жүру және беру, қабылдау әдіс-тәсілдері.

Асхар Серикжан - №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Асқар Аймурат - №78 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

 

Гандбол. Допты беру және қабылдау әдіс-тәсілдері.

Касимов Азамат Билетұлы - №69 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Мауленберді Асулан - №69 мектеп-гимназияның дене шынықтыру пәні мұғалімі

Волейбол. Топтық жұмыс дағдыларын дамыту.

Аманжолов Мейрам Алпысбаевич - №88 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі;

Бейсеков Ерлан Кумисбекулы - №85 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәні мұғалімі