"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«JAS URPAQ ENGINEERING-2024» байқауы өткізілді

2024 жылы 5 сәуір күні «Батырлар» әскери-патриоттық, спорттық орталығында жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «JAS URPAQ ENGINEERING-2024» әскери мақсатты роботтарды құрастыру және пайдалану бойынша техникалық-шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқауға қатысушылар өздері жасаған әскери мақсатты барлау, мина іздеу, минасыздандыру, жаралыларды, азық-түлік және оқ-дәрілерді тасымалдау, ұшқышсыз ұшу аппараттары, жеке құрамға атыс шабуылын ұйымдастыру бойынша көмек көрсететін роботтарын таныстырды.