"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Қазақ күресі»

Астана қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстандағы Жастар жылына арналған «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберінде 2019 жылғы 18 наурызда «Қазақ күресі» ойынынан жекелей жарыстар өтті.


Жарысқа 2002-2003 жылдары туған барлығы 181 оқушы және 2004-2006 жылдары туған 175 оқушы және барлығы 356 спортшы қатысты. Жарыстар «Жасұлан» республикалық мектебінде өтті.


16 үздік балуан 2019 жылғы мамырда өтетін «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» ойындарының қорытындылау іс-шарасына қатысатын болады.


2019 жылғы 19 наурызда «Жасұлан» республикалық мектебінде «Қазақ күресінен» мектептер арасындағы командалық жарыстар өтті. Жарыс нәтижесі былай болды: 1 орын - №64 МЛ, 2 орын - №68 МГ, 3 орын - «Жасұлан» республикалық мектебі.