"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

«Ұлттық ойындар- асыл мұрамыз» жарысы ақтық ойындарының нәтижелері

2018-2019 оқу жылына арналған «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының спорттық-бұқаралық іс-шараларын өткізудің бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жыл бойы қазан айынан мамыр айына дейін «Ұлттық ойындар- асыл мұрамыз» ұлттық ойындар бағдарламасы бойынша спорттың 8 түрінен жарыстар өткізіліп жатыр (Жүзік ату, Бес тас, Асық ату, Ләңгі тебу, Гір көтеру, Арқан тартыс, Қазақ күресінен «Мектеп барысы», Тоғызқұмалақ). Жарыстар келесі кезеңдерден тұрады: мектепішілік, аудандық, қалалық.

 

«Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жобасы шеңберіндегі ұлттық ойындар бойынша турнир бағдарламасына сәйкес 2018 жылғы 13 қарашада «Бес тас» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті. 14,15,16 қарашада аудандық жарыстар өтті. Аудандық жарыстарға 49 мектеп қатысты. Барлығы 147 оқушы атсалысты. Аудандық жарыстардың 12 үздік жеңімпаз командасы 2019 жылғы мамырда өтетін қалалық ақтық кезеңге қатысады. Алматы ауданы бойынша жарыстар №38 ОМ, Сарыарқа ауданы бойынша - №18 ОМ, Есіл - №24 МГ, Байқоңыр - №54 ОМ өткізілді.№№ 8, 14, 18, 24, 37, 38, 54, 57, 68, 74, 80, 85 мектептер 2019 жылғы мамырда «Бес тастан» өтетін қалалық ойындардың ақтық кезеңіне қатысатын болады.

 

2018 жылғы 15 қазаннан 20 қазанға дейін «Жүзік ату» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті. 22,23,24 қазанда аудандық жарыстар өтті. Аудандық жарыстарға 55 мектеп қатысты. Барлығы 165 оқушы атсалысты. Аудандық жарыстардың 12 үздік жеңімпаз командасы 2019 жылғы мамырда өтетін қалалық ақтық кезеңге қатысады. Алматы ауданы бойынша жарыстар №42 ОМ, Сарыарқа ауданы бойынша - №19 ОМ, Есіл - №66 МГ, Байқоңыр - №49 ОМ өткізілді.

 

2018 жылғы 08 желтоқсанда «Асық ату» ойынынан мектепішілік жарыстар өтті. 10-13 желтоқсанда аудандық жарыстар өтті. Аудандық жарысқа 57 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 171 оқушы қатысты. Алматы ауданы бойынша жарыстар №42 ОМ, Сарыарқа ауданы бойынша - №80 ОМ, Есіл ауданы - №24 МГ, Байқоңыр - №55 ОМ өтті. №№ 5, 16, 18, 24, 26, 29, 38, 49, 58, 67, 74, 76 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Асық атудан» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.

 

2019 жылғы 21-24 қаңтар аралығында «Ләңгі тебу» ойындары өткізілді. Аудандық жарысқа 55 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 165 оқушы қатысты. Алматы ауданы бойынша жарыстар №83 ОМ, Сарыарқа ауданы бойынша - №68 ОМ, Есіл ауданы - №71 МГ, Байқоңыр - №34 ОМ өтті. №№ 5, 18, 22, 24, 26, 34, 40, 51, 57, 58, 64, 66 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Ләңгі тебуден» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.

 

2019 жылғы 16 ақпанда «Гір көтеру» ойындары өткізілді. Аудандық жарысқа 36 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 108 оқушы қатысты. №№ 10, 14, 22, 24, 32, 35, 37, 51, 53 58, 71, 83 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Гір көтеруден» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.

 

2019 жылғы 15 наурызда «Тоғызқұмалақ» ойындары өткізілді. Аудандық жарысқа 41 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 123 оқушы қатысты. №№ 2, 7, 8, 15, 24, 32, 38, 40, 48, 50, 54, 71 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Тоғызқұмалақтан» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.

 

2019 жылғы 18-19 наурызда «Қазақ күресі» ойындары өткізілді. Аудандық жарысқа 34 мектептің құрама командасы қатысты. Барлығы 259 оқушы қатысты. №№ 7, 24, 49, 53, 59, 64, 67, 68, 78 мектептері 2019 жылғы мамырда өтетін «Қазақ күресінен» қалалық ақтық ойындарына қатысатын болады.

 

2019 жылғы 10-12 сәуір аралығында «Арқан тартыс» ойындары өткізілетін болады. Аудандық жарысқа 60 мектептің құрама командасынан №№ 62,37,71,7,22,59,61,30,10,3,50,55 алға суырылып шықты. Барлығы 480 оқушы қатысты.

 

2018-2019 оқу жылында  аудандық жарыстарға 8 спорт түрінен барлығы 387 команда құрамында 1618 оқушы қатысты. мектепішілік кезеңге барлығы 22630 оқушы қатысты. Жарыстар жыл бойы өткізілді.

 

Әр спорт түрі бойынша 12 жеңімпаз команда 2019 жылғы  01 маусымда «Жетісу» саябағында өткен «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» турнирінің қалалық ақтық кезеңіне қатысты.

 

Ақтық ойынның нәтижесі бойынша Жүзік атудан 1 орынды - №55 ОМ, 2 орын - №13 ОМ, 3 орын - №20 ОМ иеленді. Бес тастан 1 орынға - №24 ОМ, 2 орын - №85 ОМ, 3 орын - №18 ОМ ие болды. Ләңгі тебуден 1 орынды - №24 ОМ, 2 орын - №58 МГ, 3 орын - №40 ОМ иеленді. Асық атудан 1 орынға - №76 МЛ, 2 орын - №29 ОМ, 3 орын - №18 ОМ ие болды. Гір көтеруден 1 орынды - №24 ОМ, 2 орын - №14 ОМ, 3 орын - №22 МГ иеленді. Арқан тартыстан 1 орынға - №22 МГ, 2 орын - №55 ОМ, 3 орын - №3 МГ ие болды. Қазақ күресінен (2002-2003 ж.т.) 1 орынды - №64 МЛ, 2 орын - №68 МГ, 3 орын - №67 МГ иеленсе, Тоғызқұмалақтан 1 орынға - №24 ОМ, 2 орын - №7 ОМ, 3 орын - №54 МЛ ие болды.

 

Жалпы командалық есепте «Ұлттық ойындар - асыл мұрамыз» жарысының ақтық кезеңінде 1 орынды - №24 ОМ, 2 орын - №7 ОМ, 3 орын - №18 ОМ иеленді.

 

Сонымен қатар 2018 жылғы 13 қазанда мемктептердің спорт бойынша көшбасшыларына арналған ұлттық ойындар бойынша түсіндірме бағытындағы тәжірибелік семинар «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өтті. Ал 2018 жылғы 25 қазанда Білім беруді жаңғырту орталығы ұйымдастырған «Астана - табысты балалар қаласы» тәрбие жұмысы жүйесін дамыту стратегиясын іске асыру барысында тәрбие кеңістігін ұйымдастырудың жүйелі тәсілі» тақырыбында «Арман» балалар сауықтыру-туристтік лагерінде қалалық семинар өтті. Ол семинарға да баяндама мен презентация арқылы тыңдаушыларға жоба туралы мәлімет берілді. Сонымен бірге ұлттық ойындардың әрбір түрі бойынша жарысты өткізер алдында да дене шынықтыру мұғалімдері үшін тәжірибелік семинарлар өткізіледі.