"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қыркүйек айында облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «JastarSportFest» әлеуметтік жобасы бойынша «Birinshi Jastar Oiyndary» финалына іріктеу кезеңі өтеді.

Ойындар салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру жүйесіндегі субъектілердегі мектеп спорты мен спорттық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне мемлекет пен қоғамның назарын аудару үшін 5 мыңнан астам жасөспірімді жинайды.

Іріктеу кезенің бағдарламасында 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, жеңіл атлетика, футзал, тоғызқұмалақ және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар қарастырылған.

Жарыстар Мектеп спорт федерациясымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығымен жалпы білім беретін мектептердің спорт нысандарында ұйымдастырылады.

Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен түрлі дәрежедегі медальдар күтуде.

Қазіргі уақытта Мектеп спорт федерациясы 1000 ауылдық мектептерге спорттық ойын доптарын тегін беруге кірісті. 

Алматы облысының 72 ауыл мектебі үшін доп тапсыру алғашқы рәсімі Талдықорған қаласында өткізілді.