"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дене шынықтыру және спорт туралы бейнеролик-мотиваторлар "Спорттық балалар - мықты ұлт!» атты байқаудың қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дене шынықтыру және спорт туралы

бейнеролик-мотиваторлар "Спорттық балалар - мықты ұлт!» атты байқаудың  қорытындылары туралы

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында мектеп оқушылары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының іс-шаралар жоспарына және "Шығыс "балалар мен жасөспірімдер орталығының" Ережесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт туралы бейнеролик-мотиваторлар "Спорттық балалар - мықты ұлт!» атты байқауға қатысты. Байқау келесі мақсатта өткізілді:

- денсаулықты нығайту тәсілдері, зиянды әдеттердің алдын алу жөніндегі шаралар туралы білім алушылардың түсініктерін жүйелеу;

- оқушылардың ақпараттық дағдыларын, бейнефильмдер жасау бағдарламаларында компьютерде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

- мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысу қажеттілігін тәрбиелеу. Конкурсқа № 1,5,10,16,20,27,37,49,50,52,60,66,74,80,81,83,86,88 мектеп оқушыларының 29 конкурстық жұмыстары ұсынылды.

Конкурс нәтижелері бойынша ұйымдастырушылардың естелік дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

- белсенді қатысқаны үшін №83 мектеп оқушысы Моренкова Валерия марапатталды;

- үшінші орын үшін № 81 мектеп оқушылары (ұжым) марапатталды;

- екінші орын алғаны үшін №1 мектеп оқушысы Диана Тыныштық марапатталды;

- бірінші орын үшін № 49 мектеп оқушысы Қайырлы Ілияс марапатталды.