"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралардың қорытындысы туралы ақпарат

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралардың қорытындысы туралы ақпарат

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бекітілген «Ұлттық экономиканы сақтау үшін Қуатты Азаматтық қорғаныс» атты іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2021 жылғы 11-18 ақпан күндері аралығында білім беру ұйымдарында «Азаматтық қорғаныс тақырыбына арналған үздік сурет», «Азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша үздік бейнеролик», «Азаматтық қорғаныс туралы үздік тақпақ» байқаулары  өткізілді.

Атқарылған іс-шаралардың қорытындысы бойынша азаматтық қорғаныс саласындағы «АҚ саласындағы үздік сурет» номинациясында №6 мектеп-гимназиясы, №30 мектеп-гимназиясы және №66 мектеп-лицей болып анықталды.

«АҚ саласындағы үздік тақпақ» номинациясында №43 орта мектеп, №23 орта мектеп және №37 мектпе-гимназиясы жеңімпаз болды.

«АҚ саласындағы үздік бейнеролик» байқауының жеңімпаздары болып №32 мектеп-гимназиясы, №83 мектеп-гимназиясы және №37 мектеп-гимназиясы аңықталды.

Орындалған тапсырмалар және байқауға ұсынған жұмыстар бағалауының қорытындысы бойынша «АҚ саласындағы үздік мектеп» байқауының жеңімпазы С.Мәуленов атыңдағы №37 мектеп-гимназия атанды.