"Астана қаласы әкімдігінің "Өркен" балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталыгы" МКҚК

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығы Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің педагог-әріптестерін, оқушыларын 2020-2021 оқу жылының аяқталуымен құттықтайды!

Пандемияға байланысты өткен оқу жылын ұйымдастыру мен өткізудің қиындығына қарамастан, Нұр-Сұлтан қаласының педагогикалық ұжымдары, жаттықтырушы-оқытушылар құрамы мен оқушылары қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олардың ішінде, жастар арасындағы бокстан Әлем чемпионатындағы Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстанның Х қысқы Гимназиясында ІІІ жалпы командалық орынды, Қазақстанның Ұлттық мектеп лигасында және басқа да спорттық-бұқаралық және әскери-патриоттық іс-шараларда жүлделі орындарды ерекше атап өткіміз келеді!

Сіздерге жақсы жазғы демалыс, мықты денсаулық және жаңа оқу жылында жемісті жұмыс тілейміз!

«Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы.

 

  

 

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған турнир

2021 жылдың 11-12 наурызында №32 мектеп - гимназиясының атқыштар тирінде Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері арасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған "Мерген арулар" пневматикалық винтовкадан атудан жыл сайынғы қалалық турнир өткізілді.  Қатысушылар №8 нысана бойынша пневматикалық винтовкадан ату жаттығуларын орындауда жарысты.

 

Турнир қорытындысы бойынша командалық есепте 3-орынды №56 мектеп-лицейінің командасы (команда жетекшісі Б.Байболатов), екінші орынды №32 мектеп-гимназиясының командасы (команда жетекшісі А. Руденко) және жарыс жеңімпазы №3 мектеп-гимназиясының командасы (команда жетекшісі Г. Камышев) алды. Жеке есепте жүлделі орындарға ие болған қатысушылар, сондай-ақ жүлдегер командалар тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталды.