2020-2021 оқу жылына арналған республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2021 жылдың наурыз айында Қазақстанның әр түрлі қалаларында 8 қысқы спорт түрлерінен Х қысқы Қазақстан оқушылары Гимназиадасы өткізілді. Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы 5 спорт түріне қатысып (шаңғы жарысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, қысқы спорттық бағдарлау, қысқы Президенттік көпсайыс) жалпы командалық есепте ІІІ орынға ие болды. Осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!